Утилизациялық алым есебінен жеңілдетілген несие берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Утилизациялық алым есебінен жеңілдетілген несие берілді

Утилизациялық алым есебінен жеңілдетілген несие берілді

Елімізде утилизациялық алым есебінен «Жасыл даму» АҚ-ы арқылы жеңілдетілген несие алып, техникалық паркін жаңарту бойынша 65 жоба мақұлданды. Оның 43-і қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуге бағытталған.

Дәл осы жоба Ақмола облысының Степногорск қаласында сәтті жүзеге асты. Шаһардағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, шығарумен айналысатын «Шебер Спецмаш» серіктестігі қоқыс таситын жаңа көлік сатып алды. 22 миллион теңге көлеміндегі несиені компания жылына 3 пайыз мөлшерлемемен 15 жылда өтеуі тиіс. Төлемдерді 2 жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі де бар.

Бибінұр Әмірханқызы

Бөлісу