Президент Алматыны дамытудың негізгі міндеттерін айқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алматыны дамытудың негізгі міндеттерін айқындады

26.05.2025

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары мен жоспарын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Әуелі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, экономиканы әртараптандыру керек екенін айтты. Сонымен қатар жаңа әкімге қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, жол-көлік жағдайын жақсарту мен экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар тапсырма берді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу