Сенатта жол сапасы мәселесі қаралды
Биыл 13 мың шақырым жолдың құрылыс-монтаж жұмыстары жасалады. Оның 8 мың 800 шақырымы республикалық маңыздағы жолдар. Бұл жайында Сенатта өткен Үкімет сағатында белгілі болды. Жиында жол саласындағы негізгі мәселелер талқыланып, көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстар жасалды. Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина жолдардың сапасы ел экономикасы мен азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін айтты. Сондай-ақ өңірлердегі жол сапасының әркелкі болуы, мамандар тапшылығы, техникалық бақылаудың әлсіздігі, инфрақұрылым сапасын арттырудағы бизнес пен кәсіби қауымдастықтың рөлі де назардан тыс қалмады.
Ольга Перепечина, Сенат төрағасының орынбасары:
Автомобиль жолдарының желісі бұл - көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ғана емес, елдің экономикалық байланысын қамтамасыз ететін, азаматтардың мобильділігін арттыратын және өңірлердің орнықты дамуын қолдайтын негізгі тетік. Мемлекет басшысы жолдарды заманауи технологияларды қолдана отырып, сапалы жөндеуге көшу қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Біз бұл салада қордаланған мәселелерді шешуге жүйелі түрде қарауымыз керек. Бұл – сапаны бақылау, процестерді цифрландыру және ресурстарды өңірлер арасында әділ бөлуге қатысты.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49