Өңірлерде бала құқын қорғау басқармалары құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде бала құқын қорғау басқармалары құрылады

23.05.2025

Облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құрыла бастады. Сондай-ақ балаларды қорғауға жауапты өңірлік органдардың міндеттері мен мәртебесін айқындайтын заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайтып, жеткіншектерді жан-жақты қолдау тетігін қалыптастыру үшін әкімдіктер мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін айтты. Бұдан бөлек мектептердегі инклюзив білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу