Металлургия мен мұнай химиясы саласында 17 ірі жоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Металлургия мен мұнай химиясы саласында 17 ірі жоба жүзеге асады

21.05.2025

Елімізде металлургия мен мұнай химиясы саласында терең өңдеуге бағытталған 17 ірі жоба жүзеге асады. Премьер-министр Олжас Бектенов өнеркәсіптік әлеуетті арттыратын бастамалар бойынша кеңес өткізді.

Жиында құны 19,5 млрд доллар болатын 5 ірі жобаны бастау жайы қаралды. Ол 8 мың адамды жұмыспен қамтымақ. Мәселен, Павлодар облысында «Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының» құрылысы басталды. Кәсіпорында жылына 15 тоннаға дейін алтын өндіру жоспарланған. Ал Атырау облысында салынып жатқан үш бірдей мұнай-химия зауытына жалпы көлемі 10 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Соның бірі - қуаттылығы 305 мың тонна болатын бутадиен зауыты. Құны 900 млн доллар. Осы ірі жобаның аяқ алысын Премьер-министр «Татнефть» компаниясының бас директоры Наиль Магановпен талқылады. Татарлық мұнай компаниясы Қазақстанда бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі – «Қаратон Подсолевой» учаскесінде жүргізіліп жатқан барлау жұмысы. Қазір онда 5,5 мың метр тереңдікте ұңғыма бұрғылануда. Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі «Татнефтьпен» өзара тиімді әріптестікке дайын екенін айтты.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу