Қазақстан мен Грекия көлік-логистика саласында ынтымақты күшейтпек
Қазақстан мен Грекия көлік-логистика саласында ынтымақты арттырмақ. Бұл туралы тараптар Афинада өткен басқосуда уағдаласты. Еліміздің осы мемлекеттегі Елшілігі ұйымдастырған шарада қазақстандық делегация өкілдері грекиялық әріптестерімен Каспий теңізіндегі порттарды жаңғырту, кадрларды бірлесіп даярлау мәселелерін талқылады. Грекия тарапы Қазақстанмен мультимодальды логистикалық қызметті бірге құруға қызығушылық танытып отыр. Сапар аясында отандық делегация өкілдері Грекияның ең ірі Пиреней портына барып, кеме жасайтын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ мұнай қалдықтарын тазалау және өңдеумен айналысатын компанияның тәжірибесін игерді. Қос тарап Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы сауда саттықты арттыруға ниетті.
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
