Павлодарда «Darmarka – 2025» экологиялық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Darmarka – 2025» экологиялық шарасы өтті

20.05.2025

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Павлодарда «Darmarka – 2025» экологиялық шарасы өтті. Оны Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен «Жасыл ел» облыстық штабы ұйымдастырды. Жастар осылайша қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға қамқор болуды көздейді.

Сондай-ақ экожәрмеңке ұйымдастырылды. Бірақ сауда болған жоқ. Тек қана айырбас. Тұрғындар үйлеріндегі ескі кітаптарымен, экологиялық таза ойыншықтар, зергерлік бұйымдарымен алмасты.

Айман Сыздықова, қолөнер шебері:

Мұның бәрі экологиялық таза матадан, таза металл, біздің қазақтар айтады ғой күміс деп, күмістің қаттысы мельхиор деп аталады. Таза мельхиордан жасаймыз. Ал мынау денені, адамның ағзасына зиян келетін нәрселермен біз ешқашан жұмыс істемейміз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу