Ресейге үш миллионға жуық жұмысшы қажет. Әсіресе құрылыс, медицина салаларында маман тапшы. Техникалық мамандықтарға да сұраныс жоқ. Сондықтан жұмыс күшін тарту үшін Ресей Үкіметі нақты шараларды қабылдамақ.
Соңғы екі жылда ірі компаниялар мен кәсіпорындарда жұмысшы дефициті 20 пайызға өскен. Сондықтан жоғары оқу орындарында экономика, заң мамандықтары бойынша ақылы орындардың саны қысқармақ. Оның орнына техникалық мамандықтарға басымдық беріледі.
Сергей Фомин, оқытушы:
Инженерлік білімді дамыту жағы қолға алынды. Сондықтан бірақатар оқу орындарымен ортақ жобаларды жүзеге асырмақпыз. Себебі техникалық-инженерлік білім алуға құлшынысты арттыруымыз керек.
Одан бөлек мамандар салық жүйесін қайта қарау керек деп есептейді. Яғни жұмыс істемейтіндер де салық төлеуі тиіс. Олардың ішінде ауқатты отбасылардың балалары, үй шаруасындағы әйелдер де бар. Себебі бұл санаттағы азаматтар бюджетке жарна төлемей, әлеуметтік иігілктердің қызығын көріп отыр.
Екатерина Стацевич, сарапшы:
Бұл репрессивті шаралар деп ойлаймын. Үй шаруасындағы әйелдердің арқасында демография өркендейді. Ал оларға салық салынса, бала туу көрсеткіші күрт төмендейді. Осыны да ескеруіміз қажет.
Кадр тапшылығының тағы бір себебі – Ресейде миграциялық талап күшейіп, заңды қатайтты. Ресми деректер бойынша, тек өткен жылы елден 1 миллион еңбек мигранты көшіп кеткен. Дума депутаттары Үндістан, тіпті Солтүстік Кореядан жұмысшы тарту туралы ұсыныс білдірді.
Индира Бегайдар
