Оралда әскери кеме суға түсірілді
Оралда жасалған 36-шы әскери кеме суға түсірілді. Су көлігі мемлекеттік шекараны қорғайды.
«Семей» атты жаңа кеме жылдамдығымен ерекшеленеді. Сағатына 74 шақырымды артқа тастайды. Су ығыстырылымы 70 тонна. Жауынгерлік су көлігі шекараны күзетіп қана қоймай, қарақшылықпен күреседі. Іздеу-құтқару жұмысына қатысады. Кеме 16 экипажға арналған. Суда 5 күн тоқтаусыз жүре алады. Жаңа бағыт-бағдар беру құралдарымен, қару-жарақпен жабдықталған. Кемені құрастыруға «Зенит» зауытының жұмысшылары екі жыл уақыт жұмсаған. Бұған дейін «Бүркіт», «Барыс», «Айбар» жобалары аясында 35 кеме жасап шығарды. Енді кезекті жауынгерлік техника Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жол тартады.
Жеткерген Айдаров, кіші күзет кемесінің командирі:
Кеменің мақсаты – Каспий теңізіндегі шекарамызды қорғау бірінші орында. Браконьерлерді ұстап алуға өте жылдам кеме. Өзінің радиолокациялық жүйесі бар. Құқықбұзушылықты сол арқылы анықтап, ізіне түсіп, қарақшыларды қуып ұстаған оқиғалары бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Әлем чемпионаты: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06