Павлодарда терезеден құлаған баланың анасы сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Павлодарда терезеден құлаған баланың анасы сотталуы мүмкін

Павлодарда терезеден құлаған баланың анасы сотталуы мүмкін

Павлодарда үш жастағы бала терезеден құла кетіп, мерт болды. Ол өзінен бірер жас үлкен әпкесімен бірге үйде қалған. Ал анасы бұл уақытта жеке шаруасымен үйден шығып кеткен. Құқық қорғау органдары бұны жауапсыздық деп танып отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Енді баланың анасы бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Құралай Мұғадылова, Павлодар облыстық ПД бөлім бастығы:

Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде жалғыз болғаны анықталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән жайын анықтау үшін тергеу шаралары кешенді жүргізілуде.

Болат Аманбаев

Бөлісу