«Қазағымның дәстүрлері» атты рухани-этнографиялық сайыс отбасылар арасында ұйымдастырылды. Жарыс үш кезеңнен тұрып, қатысушылар театрланған қойылымдар көрсетіп, ән орындады. Сонымен қатар, қолөнер туындыларын ұсынды және салт-дәстүр, тарих пен мақал-мәтелдер бойынша сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – салт-дәстүрлерді жаңғыртып, жастар арасында кеңінен насихаттау.
Есенбек Серкебаев, ұйымдастырушы:
«Ертеден келе жатқан ата дәстүрімізді жаңғырту және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара халықаралық отбасы күніне және партиялық жобалар аясында өткізіліп отыр».
