ҰБТ тапсыру күндері өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ тапсыру күндері өзгерді

15.05.2025

Ұлттық тестілеу орталығы хабарлауынша, мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты ҰБТ тапсыру күндерінде өзгерістер енгізілді. Енді 23 мамырға тіркелген талапкерлер емтиханды 25 мамырда, ал 24 мамырға тіркелгендер 1 маусымда тапсырады. Толық ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде жаңартылып, SMS арқылы да хабарланады.

Хабарламаларға жазылу