Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін табыстады
Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады.
Мемлекет басшысы Қуаныш Сұлтанұлын сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды. Тәуелсіздік жылдарындағы қызметін, министрлік, дипломатиялық және парламенттегі еңбегіне де тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғарғы Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын.
Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы сіз менің кішкентай ғана еңбегімді өте жоғары бағалап, мені өрлетіп, көтеріп тастадыңыз. Кешелі бері мені, менің әулетімді қуантып, ерекше бақыт сезіміне бөлегеніңізге шексіз алғысымды айтамын.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49