Елдегі орташа айлық жалақы – 423 133 теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі орташа айлық жалақы – 423 133 теңге

13.05.2025

2024 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде орташа айлық жалақы 423 133 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, айлық жалақы ең көп өскен аймақтар арасында Атырау, Маңғыстау, Ұлытау және Қостанай облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары бар.

Салалар бойынша ең жоғары жалақы көрсеткіштері ақпарат және коммуникациялар секторында, ауыл, орман және балық шаруашылығында, сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында тіркелді.

Аймақтар бойынша орташа жалақы:

Атырау облысы – 643 234 тг

Маңғыстау облысы – 621 320 тг

Ұлытау облысы – 599 046 тг

Астана – 563 309 тг

Алматы – 518 857 тг

ШҚО – 404 799 тг

Павлодар облысы – 399 489 тг

Қарағанды облысы – 398 805 тг

Ақтөбе облысы – 385 569 тг

БҚО – 361 848 тг

Хабарламаларға жазылу