Тамыз айында орташа жалақы 121 763 теңгені құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз айында орташа жалақы 121 763 теңгені құрады

29.09.2014
Тамыз айында орташа жалақы 121 763 теңгені құрады

2014 жылдың тамыз айында бір жұмысшының орташа жалақы көрсеткіші 121 763 теңгені құрады. 2013 жылдың тамыз айындағымен салыстырғанда номиналды жалақының индексі 110,7 пайыз құраған болатын.  Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.

Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді дайындау саласында ең жоғарғы жалақы көрсеткіші байқалған. Атап айтар болсақ, 264,8 мың теңгені құрайтын бұл еңбекақы орташа жалақы көрсеткішінен 2,2 есе артық.

Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде жалақы көрсеткіші 229,3 мың теңге, қаржы және сақтандыру салаларында 206,0 мың теңгені құраған.

Ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы мамандары алады. Олардың алатын 64,9 мың теңге айлықтары орташа айлық жалақыдан 46,7 пайызға аз.

Өңірлер бойынша ең көп жалақы алатын жер - Маңғыстау облысы. Орташа жалақы - 237,0 мың теңге. Ал Солтүстік Қазақстан облысы ең төмені - 79,1 мың теңге. 

Хабарламаларға жазылу