Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты

22.11.2023

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты. Ал былтыр осы уақытта 299 мың теңге болған. Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады. Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы - 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге. Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында. Мұнда орташа еңбекақы - 248 мың. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жалақы салыстырмалы түрде аз.

Табысы жоғары жұмысшылар бүгінде тау-кен және өндіріс, қаржы және сақтандыру қорлары мен кәсіби, ғылыми-техника салаларында қызмет етеді.


Хабарламаларға жазылу