Түркістан облысында естелік саябағы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында естелік саябағы ашылды

10.05.2025

Түркістан облысының Отырар ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай «Құтты мекен – Көксарай» естелік саябағы ашылды. Ондағы ескерткіш-мемориалды тақтаға соғыс ардагерлері мен Көксарай ауылынан шыққан белгілі азаматтардың аты-жөні жазылған. Аумағы атшаптырым демалыс орнында қылқан жапырақты ағаштар мен гүл көшеттері егілген. Жаңа нысанды ауылдан шыққан кәсіпкер өз қаржысына салып берді. Жаңа саябақ 12 тарихи мемориалдық ескерткіштен тұрады. Дәл ортасында тұрғыры биік «Тәуелсіздік монументі» орналасқан.

Оралбай Өкшебаев, Көксарай ауылының тұрғыны:

Соғысқа кетіп қайтпағандарымыз бар, келген азаматтарымыз бар. Репрессияға ұшырағандар, Тыл және еңбек ардагерлері, мұғалім, ұстаздарымыз, батыр аналарымыз бар. Әр салаға арнайы тақталар жасалды. Мұнда1377 адамның тізімі бар. Келешек ұрпаққа мұра, заманауи саябақ салынды деп есептейміз.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу