Жетісуда Корей мәдениетінің күндері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісуда Корей мәдениетінің күндері өтіп жатыр

12.08.2022

Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл. Айтулы дата аясында елімізде Корей мәдениетінің күндері өтіп, Жетісу облысында «Достық» саябағы мен ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды.

Бірінші ескерткіш тақтада екі мемлекет басшысының Қазақстан мен Кореяның өзара ынтымақтастығы туралы ойлары жазылған. Ал екінші тақта Корей елінің азаттығы үшін күрескендерге арналды. 100-ден астам делегат келіп, корей диаспорасының қал-жағдайымен танысты. Ал Хёнде медициналық университетінің мамандары жергілікті тұрғындарды қабылдап, ем-дом жүргізді. Жиналғандар екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін айшықтайтын ұлттық ойындарды, сондай-ақ концертті тамашалады.

Пак Нечхон, Корея Республикасының Қазақстандағы бас консулы

Қазақ халқы осыдан 85 жыл бұрын жер аударылған корей диаспорасын бауырына басып, аман алып қалды. Бүгінде біздің бауырлар Қазақстанда өсіп-өніп, ұрпақ өрбітіп, түрлі салада еңбек етіп келеді. Алдағы уақытта медицина, білім және ауыршаруашылығы саласында, ақпараттық технологияларда тәжірбие алмасып, достығымызды нығайта түсеміз деген сенімдемін.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу