Қарағанды облысында ұшқыш Марат Едігеевке арналған естелік бұрышы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ұшқыш Марат Едігеевке арналған естелік бұрышы ашылды

14.02.2020

Қарағандыдағы Нүркен Әбдіров атындағы әскери ұшқыштар даярлайтын 610-шы авиациялық базада ерлікпен қаза тапқан полковник Марат Едігеевке арналған естелік бұрышы ашылды. 2013 жылы болған апат кезінде ол елді мекеннің үстіне құлап келе жатқан ұшақты қас-қағым сәтте басқа аумаққа бағыттап, өзінің штурманына катапультпен секіруге бұйрық берген. Осылайша бүтін бір ауыл жұртын және жанындағы серігін аман сақтап қана қоймай, ұшақты да барынша зақымдамай қондыруға тырысты. Алайда бұл полковник Едігеевтің әуедегі соңғы сапары болды. 

Батыр есімі ұмыт қалмады. Мемлекет тарапынан І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ал аман қалған ауыл тұрғындары көшелердің біріне қаһарман ұлдың есімін берді. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу