Ұлы Жеңіске 80 жыл: Көкшетауда бір жылда 1 млн-нан аса мина шығарылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Жеңіске 80 жыл: Көкшетауда бір жылда 1 млн-нан аса мина шығарылған

09.05.2025

Жеңісті жақындатуға көкшетаулықтардың қосқан үлесі туралы не білеміз?! Мәселен, шаһарда Подольскіден көшірілген стратегиялық маңызы зор нөмірі 621 құпия зауыты орналасып, онда тігін машиналарымен қатар майданға қажет қару-жарақтар дайындалған.

Ату жарақтарының маңызды түрлері қатарында сынықты және фугасты миналар және тұрақтандырғыштар, әскери бөлімдер үшін гранаталар бар. Жоспар асырыла орындалып, тек 1943 жылы зауыттан 1 миллионнан аса мина шығарылған. Сонымен қатар қаладағы фабрикаларда сарбаздар үшін сырт киімдер мен автоматпен атуға ыңғайлы екі саусақты қолғап тігілген. Көкшетауда сондай-ақ үш бірдей госпиталь орналасып, онда ауыр жарақат алған сарбаздарға ем-дом көрсетілді. Бүгінде аталған ғимараттар әлі де сақтаулы. Жалпы, Ақмола облысынан соғысқа 63 мыңнан аса жауынгер қатысқан.

Гүлден Аққошқарова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан 1 200 000-ге жуық жауынгер қатысқан, оның ішінде 500-ден астамы Кеңес Одағың батырлары атанды. Оның 71-і Ақмола облысының батырлары болды. Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов сияқты батырлар осы Ақмола облысының батырлары.


Хабарламаларға жазылу