Босанғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өседі

27.02.2017
Алдағы екі жылда республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі. Қазірдің өзінде базалық зейнетақы 7 пайызға артты. 1-шілдеден бастап тағы 13 пайызға көбейеді. Яғни, 2 млн-нан аса зейнеткер осындай қолдауға ие болады.

Бұл - Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған міндеттердің бірі. Бүгін Астанада азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі бойынша заңнамаларды түзету тетіктері талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақы мөлшерінен бөлек, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемінің өсетіні жайлы да баяндады.


Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу