Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 млн-нан асты

16.04.2021

Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар 1 миллионнан асты. Және де аймақтағы жағдай әлі де ауыр. Өйткені, мұнда аптасына шамамен 1,6 миллионға жуық «ковид» жұқтыру оқиғалары анықталып отыр. Бұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Оның кеңесі бойынша, Еуропа қырағылықты жоғалтпай, әлеуметтік алшақтық ережелерін сақтап, вакциналау науқанын жеделдетуі тиіс. 

Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде бұл инфекциядан 3 миллиондай адам жан тәсілім етті. Сол құрбандардың 1,1 миллионы АҚШ, Бразилия, Мексикада тіркелген.

Дегенмен, ұйым сарапшыларының ойынша, Орталық Азияға дейін созылып жатқан Қарт құрлықта Covid-19-дан қаза тапқан 80-нен асқан қарттар саны 30 пайызға азайды. Бұл - пандемияның басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу