Чехиядағы Қазақстан елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етті
Еліміздің Чехиядағы елшілігінің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратына гүл шоқтарын қойып, Праганы азат ету жолында қаза тапқан қазақ батырларының рухына тағзым етті. Ольшан зиратына Кеңес Одағының Батыры Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Сайнулла Қайырғалиев пен Зийнил Козин жерленген. Шараға Чехияның Қорғаныс министрлігі мен ардагерлер ұйымының өкілдері қатысып, қазақ қаһармандарының Жеңіске қосқан үлесі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс екенін атап өтті.
Мартин Жоур, Чехи Қорғаныс министрлігі жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы:
Чехословакияны азат етуге Қызыл әскер жауынгерлерімен бірге қазақ сарбаздары да қатысты. Біз тұрған зиратқа Қазақстаннан шыққан жеті жауынгер жерленген. Біз олардың ерлігін және Қазақстанның Чехословакия мен бүкіл Еуропаны азат етуге қосқан үлесін құрметтейміз. Қазақстанға және оның батырларына зор алғыс айтамыз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49