Франциядағы қандастар батырлардың рухына тағзым етті
Франциядағы қандастар Жеңістің 80 жылдығына орай батырлардың рухына тағзым етті. Сарбаздар жерленген Нуайе-Сан-Мартен зиратының маңына Қазақстанның Франциядағы елшілігі, сонда оқып жатқан студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Армения елінің тұрғындары да өз отандастарының рухына құрмет көрсетті. Нуайе-Сан-Мартен – соғыс кезінде сарбаздар жерленген ең үлкен зират. Қаза тапқандар бірге жерленгендіктен, көбінің аты-жөні әлі күнге дейін анықталмаған. Францияда шейіт болған қазақ сарбаздарының нақты санының белгісіз болуы да содан.
Гүлсара Арыстанқұлова, Қазақстанның Франциядағы елшісі
Жеңістері ұмытылмасын, аттары өшпесін деп сондай іздестіру жұмыстарын қолға алып, жалғастырып жатырмыз. Бір жағынан үлкен сабақ болып, соғыс қайталанбасын деп соны өзіміз және келе жатқан артымыздағы ұрпақтарға соны жеткізу маңызды.
Жанель Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49