Алматыда майдангерлерге арналған ескерткіш тас белгі қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда майдангерлерге арналған ескерткіш тас белгі қойылды

06.05.2025

Алматыда II дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлерге арнап ескерткіш тас белгі қойылды. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен соғысқа 114 оқытушы мен студент аттанған. Олардың 9-ы Кеңес Одағының батыры атанған. Мәселен,  Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рахымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов сынды қайсар батырлар майданда ерлігімен көзге түсті. «Бұл белгі осы білім ордасынан соғысқа аттанғандардың рухына тағзым ретінде қойылды», - дейді жоғары оқу орнының басшысы. Сондай-ақ «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту» орденінің иегері, Кеңес Одағының Батыры және осы университетті 12 жыл басқарған Мәлік Ғабдуллиннің құрметіне 100 адамдық аудиторияға батырдың есімі берілді.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

Университетімізден майданға аттанған түлектер, студенттер, оқытушылардың рухына тағзым ете отырып, олардың жанқияр ерлігін бүгінгі жастарға, өзіміздің студенттерімізге дәріптеу, үлгі ету мақсатымыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу