Павлодарда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр
Павлодарда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр. Онда бұрын-соңды жарияланбаған мұрағаттар қойылған. Мәселен майдангер жазушы Қалмұқан Исабаев өмірінің 12 жылын әскерде, соның ішінде екі жылын соғыста өткерген. Майданнан кейін Германияның Ильменау қаласында комендант болып қызмет етеді. Көрмеге қаламгердің Германиядағы концлагерьде өз қолымен салған суреттері, Дихан Әбілев пен Мұзафар Әлімбаевтың соғыс жылдары жарық көрген шығармалары мен қолжазбалары, фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ майдангер Бағау Ноқиннің кеңестік заманда жария етуге тыйым салынған, төте жазумен жазған хаттары жарыққа шығарылды.
Маратбек Ноқин, соғыс ардагері Б.Ноқиннің ұлы:
Мен тікелей соғыс ардагерінің баласымын. Сол себепті бұл соғыс өзіме де қатты тиеді. Соғысқа 1942 жылы алынған. Майданнан 1943 жылы жарақатпен елге оралды ол кісі. Сол соғыс зардабын біз енді көрмеуіміз керек деп ойлаймын енді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49