Астанада «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрме ашылды. Экспозиция екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы қазақстандық дивизиялардың соғыс жылдарындағы тарихы туралы. Екінші бөлім – Ақмолалық тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі жайында. Жалпы саны 170-ке жуық экспонат қойылды. Сондай-ақ ел аумағында құрылған әскери жасақтар мен дивизиялар туралы мәліметтер де ұсынылды. Жиын соңында даңқты жауынгер Әлмұқан Сембиновке арналған «Тағдыры тарихқа айналған» кітабының тұсаукесері өтті. Отан үшін от кешкендерді жас ұрпақ жадында сақтауы керек, - дейді ұйымдастырушылар. Көрме 5-маусымға дейін ашық.
Жібек Жүзенова, ҚР Президенттік орталығы экспозициялар мен көремелерді ұйымдастыру қызметінің жетекші сарапшысы:
Жалпы біздің мақсатымыз – біздің бостандығымыз үшін, болашағымыз үшін аянбай күрескен ата-бабаларымыздың рухына тағзым. Сонымен қатар олардың ерліктерін өскелең ұрпаққа жеткізу және ұлы жеңіс күнінің маңызын сақтап қалу.
Ернұр Медет
