«Батырларға тағзым» атты порталы жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батырларға тағзым» атты порталы жұмыс істеп тұр

03.05.2025

Астанада 7-мамыр күні Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтеді. Қазір дайындық жүріп жатыр. Салтанатты шараға 4 мыңнан астам әскери қызметші мен 200-ден астам әскери техника сап түзеп өтеді. 66 ұшақ пен тікұшақ қатысады. Елімізде «Батырларға тағзым» атты онлайн портал жұмыс істеп тұр. Онда Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы құнды ақпараттар жинақталып жатыр. Онлайн-порталда пайдаланушылар өз туысқандары туралы деректерді енгізіп, фотосуреттерді жүктей алады. Веб-порталда ардагерлерге және жобаға қатысты жаңалықтар мен оқиғалар тұрақты түрде жарияланып тұрады. Сайтта қазірдің өзінде 678 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу