Вакцина туралы сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина туралы сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан алуға болады

02.05.2025

Вакцина туралы сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан алуға болады. Себебі, екпенің тиімділігіне күмәнданатындар қатары әлі де көп. Мамандар келтірген нақты статистикаға сүйенсек, биылдың өзінде қызылша ауруын жұқтырғандардың 82 пайызы вакцина мүлдем салдырмаған.

Динагүл Баешева, Астана медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

Міндетті түрде екпе алмағанарға салдыруы керек.  Неге десеңіз, оның жұқпалы белсенділігі өте биік. Ауру ауыр дәрежеде өтеді. Біздің алатын вакциналар өте сапалы, одан ата-аналар қорықпау керек. 

Қазір елімізде еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Ертең соңғы күн. Мақсат - халыққа вакцинаның маңыздылығын түсіндіру, екпеге уақтылы келуге шақыру. Қазақстандағы иммундау бағдарламасы бойынша 21 инфекцияға қарсы вакцина салынады. Жыл сайын 4 миллионнан астам адам егіледі. Екпені сатып алуға шамамен 38 млрд теңге бөлінеді.

Жанна Пралиева ,Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

 Соңғы кезде бас тарту көбейіп кетті. Соның салдарынан вакцинамен басқарарылатын инфекцияларда өсу байқалады. Мен осы үш инфекцияға тоқталғым келеді. Ол қызылша, вирусты гепатит А және көк жөтел. Отырған біреу вакцина жаман десе соған сеніп кете береді. Ал научно доказынный ондай моменті жоқ.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу