9 мамыр күні қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады. Биылғы Жеңіс мерекесін небары екі майдангер қарсы алмақ. Оның бірі жуырда 100 жасқа толатын Мұратәлі Төлепбергенұлы, екіншісі 101 жастағы Нина Мосунова. Жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа мегаполистен 23 мыңнан астам азамат қатысқан. Сондай-ақ бүгін дәрігерлер бірқатар тыл ардагерінің денсаулығын медициналық тексерістен өткізді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғаспақ. Қала жұртшылығы сонымен қатар бүгін «Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деп аталатын арнайы көрмені тамашалады. Оған жауға алғаш тойтарыс берген Брест қамалындағы шайқастардан бастап, Берлинге дейінгі соғыс кезеңдерін айғақтайтын деректер мен заттар қойылды.
Айгүл Бердіқұлова, «Ерлік» музейінің ғылыми қызметкері:
Қазіргі таңда біздің музейдің экспонат қоры 5 жарым мыңнан астам қор сақталған, тіркелген. Ал экспозиция залдарында 3 жарым негізгі қор музей залдарында көрсетіледі.
Ғани Қалмахан
