Ақтөбелік оқушылар керексіз қағаздарды өткізіп, гүл сатып алмақшы
Ақтөбелік оқушылар қағаз қалдықтарын жинап, одан түскен қаржыға гүл сатып алады. Бұл акция Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №66 мектепте үш жылдан бері өткізіліп келеді.
«Бауырластар» ауылында орналасқан білім ордасының шәкірттері бұл жолы бір күнде 1 тоннадан астам макулатура жинап үлгерген. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында бұл шараға ата-аналар да белсене қатысуда. Әр сынып өздері жинаған қағаз қалдықтарын қабылдау пунктіне әкеліп өлшейді. Ең көп жинаған үш сынып түскен қаржыны өзара бөліп, оған бөлме гүлдерін сатып алады.
Айару Молдағали, оқушы:
Біз негізі 70 сынып, жалпы мектеп болып қатыстық. Мұғалімдер де өздерінің үлестерін қосты. Әр сынып 20-30 кг жинаймыз деп ойлағанбыз, онымен қалай жиналды, солай барынша тапсыруға тырыстық.
Одан көп жиналды, иә?
Иә, одан көп жиналды. Негізгі мақсатымыз 700-800 кг болған, бірақ мың келіден асырдық деп ойлаймын.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00