Мәжіліс жаңа Салық кодексін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс жаңа Салық кодексін қабылдады

30.04.2025

Мәжіліс жаңа Салық кодексін қабылдады. Қосылған құн салығының ең жоғарғы мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленді. Бұл ақша айналымы 40 миллион теңгеден асатын кәсіпкерлерге қатысты. Олар бұған дейін 12 пайыз төлесе, енді 16 пайыз төлеуі мүмкін. Заң жобасы Сенатқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет қосылған құн салығын 20 пайызға көтеруді ұсынған еді. Депутаттық корпуспен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесінде қосылған құн салығы 16 пайызға дейін төмендетілді. Ал дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге бұл мөлшерлеме едәуір төмен. 2026 жылдан бастап 5 пайыз, 2027 жылдан 10 пайыз болады деп белгіленген.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу