«Бәйтерек» холдингінің таза табысы 416 млрд теңгеге жетті
Президент «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің» төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Ол Мемлекет басшысына былтыр атқарған жұмыстар туралы есеп беріп, биылғы жоспарымен таныстырды. Холдинг ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға һәм тұрғын үй-құрылыс секторының жұмысын жақсарту үшін 6 трлн теңге бөлген. Активтері қазір 14 трлн теңгеге жетті. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ал таза табысы 416 млрд теңгеге жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту Ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05