Түркістан облысының Жетісай ауданында 3 мыңнан аса тәжік этнос өкілі тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының Жетісай ауданында 3 мыңнан аса тәжік этнос өкілі тұрады

29.04.2025

Түркістан облысының Жетісай ауданында үш мыңнан аса тәжік этносы өкілі тұрады. Тың игеру кезінде Мырзашөл өңіріне қоныс аударғандардың дені қазір Сейфуллин ауылында шаруашылығын дөңгелетіп, диқаншылықпен айналысып келеді. Басым көпшілігі қияр мен қызанақ ексе, енді бірі баялды өсіруге бейімделген. Қазір ауылдағы шаруалар мемлекеттен бөлінген пайызы төмен несие мен жеңілдетілген жанар-жағармай алады. Оларға арзан бағамен тыңайтқыштар беріледі. Соның арқасында тұрғындар үй іргелік жерінен де жыл он екі ай табыс табады. Тәжік ұлтының өкілдері Қазақстанда тұрақты табыс тауып, жақсы өмір сүрудің сыры бейбіт заман мен қазақ елінің қамқорлығы деп біледі.

Махира Фаттулаева, Сейфуллин ауылының тұрғыны:

Қазақстанда тұрып, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Құдайға шүкір, қыздарымызды шығарып, ұлдарымызды үйлендіріп, немере сүйіп жүрміз. Диқаншылық, шаруашылықпен оқу орнында оқыттық. Қазақстанда жүргенімізге ризамыз.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу