Басты Жаңалықтар «Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды

Сапалы медициналық көмекті шалғай өңірлерде де қолжетімді ету мақсатында «Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылып, телемедициналық технологиялар енгізілді. Жоба еліміздің сегіз өңірін – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын қамтиды. Жобаға әртүрлі деңгейдегі 100 медициналық ұйым қатысып жатыр. Ал Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы үйлестіруші ретінде жұмыс істеуді бастады. «Онлайн медицинаны» енгізу денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болып отыр. Бұл - ауылдық жерлердегі тұрғындарға білікті медициналық көмекке, соның ішінде дәрігерлердің кеңестері мен үй маңындағы зерттеп-қарауларға өз ауданынан шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу