Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтің сөзінше, былтыр 122 мың жұп шаңырақ көтерсе, 60 мыңнан аса отбасы ажырасқан. Алимент төлемейтіндер де аз емес. Былтыр алимент төлеуден жалтарған 139 адам сотталды.
4,5 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көп ретте ер кісілер сөйтеді. Ақшаны баламның керек-жарағына беріп жатырмын деп ойламайды, бұрынғы әйелін дұшпан көріп «ана әйел жұмсайды» деп ойлайды. Мәселені Раушан Сайлауқызы талдайды.
