Көшеде қараусыз жүрген бала үшін 29 мың ата-ана жауапқа тартылды
Жылдың алғашқы үш айында түн ортасында көше кезген балалар үшін 29 мың ата-ана жауапқа тартылған. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында елімізде «Жасөспірім» іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшыларымен рейдке шығып келген әріптесім Темірлан Нұржанұлы толығырақ айтады.
Аслан Оразбаев, ҚР ІІМ Астана қаласы Нұра ауданы ПБ ювеналды полиция инспекторы:
Сағат 22:33, жедел уақыт. Осы бізге Нұра ауданы бойынша барлық ойын сауық орталықтарын сағат 23:00-ге дейін тексеріп шығамыз. Қазіргі уақытта 04:00 және 05:11 аралығында плейстейшн клуб, компютерный клуб, антикафе сияқты жерлерде көп жүреді.Рейдіміз түнгі 2-3-ке дейін жалғасады. Көшелермен парк, сквер, басқа да саяжай, саябақтарды тексеріс жасап, қарап шығамыз.
Темірлан Нұржанұлы, тілші
Дәл қазір біз полиция қызметкерінің көлігіндеміз, сағат 00:19 кетті. Рейд, яғни жедел іс-шара жалғасуда. Осы уақытқа дейін кәмелет жасқа толмаған екі азамат полиция басқармасына жеткізілді. Енді олардың заңды өкілдері шақыртылады.
Мерхат Орақбаев, ҚР ІІМ Астана қ. Нұра ауданы ПБ жпқб бастығы:
Кәмелет жасқа толмағандар ҚР заңнамасына сәйкес, кешкі 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, 23:00-ден кейін далада заңды өкілетінің қарауынсыз жүруге тыйым салынады.
Аслан Оразбаев, ҚР ІІМ Астана қаласы Нұра ауданы ПБ ювеналды полиция инспекторы:
Кәмелетке толмағандардың ата-анасы шақыртылады. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бірінші рет ұсталған уақытында олардың ата-аналарына ескерту беріледі. Түсініктемесін аламыз ата-анасынан. Бір жылдың ішінде екінші рет қайталанса біз сотқа құжаттар жібереміз. Сот әрі қарай өзінің шешімін қабылдайды.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Былтыр балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде және ойын-сауық орталықтарында жүргені үшін 112 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал биыл алғашқы үш айда дәл сондай себептермен 29 мың ата-анаға әкімшілік жаза қолданылған.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06