«Келінімізді араластырмауды сұраймыз»: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады. Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев ресми мәлімдеме таратты.
«Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім», - дейді ол.
«Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз», - дейді ол.
Нұргүл Ахметова
