Ақтөбе облысында 273 млн теңгеге салынған саябақ ит-мысықтың мекеніне айналған
Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының тұрғындары 273 миллион теңге мемлекет қаржысына салынған саябақтың игілігін көре алмай отыр. Өйткені жарық қосылмаған, ағаштары қурап, футбол алаңы тозған. Қоршаулары құлап, жаяужолдың өзін арамшөп басып кеткен. Ал мәрмар тастан жасалған «Мәңгілік алау» қажет кезде газ баллондары арқылы қосылады.
Күнімжан Тұрмағамбетова, Қандыағаш қаласының тұрғыны:
Жағдай жасалмаған ғой, балалар ойнайтын жері жоқ. Тек қоршап қойды, болды. Ит те кіреді, мысық та кіреді, ат – бәрі жүреді. Еш жағдайы жоқ. Ана жақтың бәрі қирап жатыр, оны да қарайтын адам жоқ.
Саябақтың аумағы төрт гектар. Жұмыстың негізгі бөлігі аяқталғандықтан нысанды қалалық құрылыс бөлімі қабылдап алған. Бірақ кемшілікті жою туралы талап қойылған. Яғни мердігер жуық арада демалыс орнын толық қалпына келтіреді. Ал жұмыстың созылып кетуіне қаржының жоқтығы себеп дейді қала әкімі.
Қазбек Ақайыр, Қандыағаыш қаласының әкімі:
Переходящий обьект қой. 2020-да ақша болмайды да, он-ақ миллион бөлінеді. 2021-де 45,5 миллион тағы бір бөлінеді, 22-де 30 миллион бөлінеді. 23-те қалған 53 миллионы бар ғой, сонымен аяқтайды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00