Сенат отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған Заңды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған Заңды мақұлдады

24.04.2025

Сенат депутаттары отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған заңды мақұлдады. Енді қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі жасақталады. Мәліметтер енгізіледі. Толыққанды цифрлық ақпараттық жүйе жұмыс істейтін болады. Осы арқылы жалған тауар өндірушілерге бақылау күшейеді. Ал мемлекеттік қолдау тек тізімге енген отандық тауар өндірушілерге көрсетіледі. Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сенат депутаттарының бастамасымен әзірленді. Палата отырысын ашқан Сенат төрағасы, алдымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президент жүктеген міндеттерге тоқталды. Мәулен Әшімбаев қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, осы бағыттағы бастамаларды іске асыру жолында барлық қазақстандықтың күш жұмылдыруы маңызды екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын өткізді. Сессия барысында этникалық топтар арасында қатынастардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы белгілеп берген тапсырмалардың орындалуы «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының және жалпы палатамыздың ерекше назарында болады. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу