АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Қырымды Ресейдікі деп мойындамағаны үшін сынға алды.
Құрама Штаттар лидерінің сөзінше, Киевтің бұл позициясы Мәскеумен арадағы бейбіт келіссөздерге зиянын тигізіп отыр. Трамп мәлімдегендей, Зеленский не бейбітшілікке қол жеткізеді немесе тағы үш жыл соғысып елінен айрылады.
Украина басшысы америкалық әріптесін жауапсыз қалдырмады. Ол Трампқа оның бірінші президенттік мерзімінде АҚШ қол қойған «Қырым декларациясын» ескертті. Ол құжатта Қара теңіздегі түбектің заңсыз аннексияланғаны жазылған.
Айта кетсек, Зеленский Вашингтон ұсынған бейбіт келісім аясында Ресейге жер беруге қарсылық білдіріп, келіссөздерде атысты толық тоқтату мәселесін ғана талқылауға дайын екенін мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
