Оралда бопсалады деген күдікпен колледж студенттері ұсталды
Оралда ер адамды бопсалаған колледж студенттері ұсталды. Жәбірленуші жігіт әуелі әлеуметтік желіде бір қызбен танысады. Кейін қыз оны үйіне шақырады. Ол келісіп, пәтерге кірген бойда үш жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа алып шығады. Өздерін «қыздың ағасымыз» деп таныстырып, ақша талап етеді. Телефонын алып, ондағы банк қосымшасынан өздеріне ақша аударып алады. Облыстық полиция Департаментінің қызметкерлері күдіктілерді ұстап, қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандардың төртеуі колледж студенттері, олардың бірі кездесуге шақырған қыз бала. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06