Жеңістің 80 жылдығына орай «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері құқық қорғау өкілдерімен кездесті. Кейінгі буынға елге адал қызмет ету, Отан қорғау туралы ақыл-кеңесін айтты. Жеңіс алаңына жиналған ішкі істер, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке құрамы сапқа тұрып, генералдарға құрмет көрсетті. Сала басшылары арнайы төсбелгімен марапатталды. Кейін генералдар кеңесінің мүшелері «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына тағзым етті. Жоғары оқу орындарының жастарымен де кездесіп, оларды елжандылыққа үндеді.
Бексұлтан Сәрсеков, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Батыс аймақта үш аудан кезінде соғыстың зардабын шекті. Оны өкінішке орай, біздің халық түгел білмейді. Сол ауылдарды аралап, халықпен кездесіп, әсіресе, жастармен кездесіп, тәрбиелеп, мақсатымыз - патриоттық сезімді олардың құдағына да, жүрегіне де жеткізу.
Ардақ Мұратқызы
