Ұлттық кітап күнін ақтөбеліктер ерекше қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кітап күнін ақтөбеліктер ерекше қарсы алды

23.04.2025

Бүгін – Ұлттық кітап күні. Бұл мерекені ақтөбеліктер ерекше қарсы алды. «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағатында 180 мың оқушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін бір мезетте оқыды.

Бүгін өңірдегі мектептер мен алаңдарда ақын-жазушылардың шығармалары сахналанды. Кітап фестивалі орталық саябақта ұйымдастырылды. Мұнда ақын-жазушылармен кездесулер және ерекше кітаптар көрмесі де өтті. Қазір облыс тұрғындарының үштен бірі кітап оқиды. Ал кітапханаға тұрақты келетін оқырмандар саны соңғы он жылда екі есеге артқан.

Гүлнәр Сейіталина, С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры:

Ең кішкентай кітаптарды бірі, Түрікмен халқының рухани ұстазы, ақын, философ Мақтымқұлының осындай кітабы. Бұл кітап біздің кітап қорындағы ең кішкентай кітап. Бұны бізге оқырмандарымыз сыйға тартқан болатын.

Қала тұрғындары әңгіме-дүкен құрып тұрған Абай Құнанбайұлы мен Пушкин, Лермонтовтарды көріп, таң-тамаша болды. Театр әртістерімен суретке түсуге кезекке тұрды.

Нариман Костр, театр артисы:

Пушкинді таңдауымның бір себебі – ұлы атамыз Абай Құнанбайұылы осы кісінің шығармаларын аударғаннан кейін жақын болайын деп таңдадым. Жұртшылық өте жақсы қабылдап жатыр. Бірінен соң бірі суретке түсіп жатыр, үлкені де, кішісі де.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу