Елімізде еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейтіліп жатыр

23.04.2025

Елімізде еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейтіліп жатыр. Биыл әлеуметтік шиеленіс қаупі жоғары 1 жарым мыңнан астам кәсіпорынға арнайы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 45 компанияда жалақы бойынша 400 млн теңгеге жуық қарыз бар екені анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында мыңнан астам жұмысшыға 242 млн теңге төленіпті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Сонымен қатар цифрлық кәсіпорын картасы іске қосылып, әр мекемеде еңбек жағдайын бақылау жеңілдеген. 

Хабарламаларға жазылу