Сарапшы: Атом энергиясына қатысты жобаларды іске асыруда ашықтық керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Атом энергиясына қатысты жобаларды іске асыруда ашықтық керек

22.04.2025

Атом энергиясына қатысты жобаларды іске асыруда ашықтық пен жариялық қағидаттарын сақтау қажет. Бұл туралы Алматыда өткен атом энергетикасын дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды. Шарада мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері пікір алмасты. Қатысушылар саладағы кадрлық әлеуетті қамтамасыз ету үшін біртұтас стратегия әзірлеу керек екенін айтты. Елдің жетекші жоғары оқу орындары ғылыми базаны нығайту және тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту бойынша өз тәсілдерін таныстырды. Сондай-ақ экологиялық қауіптер, тарифтік саясат және атом генерациясының төмен көміртекті энергетикаға көшудің рөлі де сөз болды.

Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК директоры:

Атом электр станцияларынан қорқатыны барлығы қалдықтары ғой. Пәленбай 30 мың, 100 мың жылдар сәулеленіп жатады деген. Ол ақпарат рас. Радиация деген. Бірақ оны біз біріншіден сақтауды үйрендік. Екіншіден соның ішінде қалған уранды, қалған радиоизотоптарды болашақта шексіз, ұзақ пайдалана беруге сондай технологияларды қарастырып жатырмыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу