Қостанайда дәрігерлер ардагелердің үйіне барып, қариялардың денсаулығын тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қостанайда дәрігерлер ардагелердің үйіне барып, қариялардың денсаулығын тексерді

Қостанайда дәрігерлер ардагелердің үйіне барып, қариялардың денсаулығын тексерді

Қостанайда дәрігерлер ардагелердің үйіне барып, қариялардың денсаулығын тексеріп шықты. Бұл ай сайын өтетін шара. Қостанай облысында қазір 10 соғыс ардагері мен 2 мыңнан аса оларға теңестірілген азаматтар тұрады. Ардагерлерге ай сайын тегін дәрі-дәрмек, ем-дом қабылдауға, коммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Ал биыл 160 млн теңгеге жергілікті шипажайға 540-тан астам тегін жолдама табысталады.

Иван Перепелюк, тыл еңбеккері:

Жағдайым жақсы, тек екі аяғымның қақсап ауыратыны болмаса. Отырып қалуға болмайды, сондықтан таяғыма сүйеніп аз болса да жүруге тырысамын. Дәрігерлерге рахмет! Үнемі қал-жағдайымызды біліп, тексеріп тұрады.

Мәдина Нағашыбай


Бөлісу