Ақтөбе облысында 2,5 жыл ішінде жарысқа қатысу үшін жолға шыққан 8 оқушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 2,5 жыл ішінде жарысқа қатысу үшін жолға шыққан 8 оқушы қаза тапты

19.04.2025

Бұған дейін мұндай оқиға Ақтөбе өңірінде жиі болған еді. 2022 жылдың соңында Темір ауданынан облыс орталығында өтетін волейбол жарысына бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырады.

«Тайота Эстима» маркалы көлікте болған 8 оқушы мен жаттықтырушы зардап шекті. Жасөспірімдердің бірі көз жұмды.

Ал былтыр тамыз айында Әйтеке би ауданының Қарашатау аулынан Маңғыстау облысында өтетін футбол турниріне қатысуға шыққан бес бала қара жолда қаза тапты. Жаттықтырушы мен көлік жүргізушісі де ажал құшты. Олар мінген көлік те «Тайота Эстима» еді. Білім алушылар мен мұғалімнің жарысқа баратыны туралы құзырлы мекемелерге алдын ала хабарланбаған.

Қайғылы оқиғалар тізбегі мұнымен түгесілмейді. 2023 жылдың желтоқсанында Ырғыз ауданының Жаныс би ауылынан пәндік олимпиадаға қатысуға бара жатқан балалар да жол апатына ұшырады. «Тайота Альфард» көлігінде болған бес оқушының екеуі және мұғалім көз жұмды. Ол кезде де полицейлердің қадағалауымен жүру үшін алдын ала тапсырыс берілмеген.

Жақсыбек Кемал 

Хабарламаларға жазылу