Ақмола облысында еріктілер ескерткіштердің маңайын жинап, экологиялық акция өткізді
Бүгін – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған орай Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы жанындағы еріктілерді қолдау орталығы экологиялық акция ұйымдастырып, Көкшетаудағы ескерткіштердің маңайын тазалады.
Облыс орталығында 40-тан астам тарихи-мәдени мұра ескерткіші бар. Атаулы күні еріктілер қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанына жиналып, маңайын қоқыстан тазартты. Енді өзге де ескерткіштер айналасын жинап, абаттандыру жоспарланған.
Дидар Хамзин, облыстық Волонтерлерді қолдау орталығы фронт-кеңсесінің басшысы:
Бұл акцияның ең басты мақсаты - мәдени мұраларамыздың маңыздылығын өскелең ұрпаққа жеткізу және өзіміздің өлкемізді тазалықта ұстау болып табылады. Жазғы уақытта «Таза Қазақстан», «Таза жағалау» акциялары аясында Қылшақты өзені мен Қопа көлінің жағалауларынан қоқыстарды шығаруды жоспарлап отырмыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49