Қарағандыда соғыс ардагері 101 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда соғыс ардагері 101 жасқа толды

18.04.2025

Қарағандыда соғыс ардагері Анна Котова 101 жасқа толды. Ғасыр жасаған майдангер әлі күнге дейін отын жағып, ас-суын өзі әзірлейді. Кейуана соғыс басталған кезде небәрі 18 жаста болған. Ол госпитальде медбике болып, жүздеген жауынгердің өмірін құтқарды. 1943 жылы Украинаның 2-майданындағы эвакуациялық госпитальда борышын өтейді. Кейін соғыс аяқталғанымен, елге 1946 жылдың маусымында оралады. Өмір үшін арпалысқан әрбір жауынгер соғыс ардагерінің есінде сақталған.

Анна Котова, соғыс ардагері:

Бір кеудесінен жараланған ұшқыш болды. Жарасының ауырлығы сонша жүрегі көрініп тұрды. Медбикелер жетіспей жатты. Мен осы қолыммен қанша жаралы жауынгердің жарасын емдеп жаздым. Аяқ, қолдары жоқтарын да көрдім. Енді мұндай сұрапыл соғыс елімізде мүлде болмаса екен. Жастарымыз бейбіт күннің қадірін білсе деймін.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу